ПОДЕЛИТЬСЯ
09 маусым 2021 | 12:17
Қазақстан бюджетіне салықтан 5,5 триллион теңге түсті
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2020 жылы республикалық бюджетке түскен салық түсімдері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2020 жылы республикалық бюджетке түскен салық түсімдері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс отырысында сөз сөйлеген министр трансферттерді есептемегенде бюджет кірістері бойынша жоспар 22 миллиард теңгеге артық орындалғанын айтты.
"Бюджетке 6,6 триллион теңге түсті. Салық түсімдері 5 триллион 576 миллиард теңге немесе жоспардың 100,3 пайызы. Салықтар бойынша негізгі сома корпоративтік табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы және шикі мұнайға кедендік баж салығынан түскен.
Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша 256 миллиард теңгеге жоспар орындалмаған. Бұл сату бойынша айналымның азаюымен және елдің сыртқы саудасының төмендеуімен байланысты", - деді Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, пандемияға қатысты дағдарыс жағдайында Ұлттық қордан трансферттер өсіп, ол бюджет кірісінің 45 пайызын құраған.
"Бұл ретте қосымша соманы есепке алмағанда, бюджет кірістері құрылымындағы трансферттер үлесі былтырғы көрсеткіш деңгейінде сақталады. Бұл үшін көлеңкелі экономиканы қысқарту және салық пен кеден саласын цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Камерамен бақылау тиімділігі 1,5 есе өсті. Соған байланысты субъектілер тексеріссіз 490 миллиард теңге төледі. Бұл ретте дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде салықтық бақылау шаралары алты айға тоқтатылды. Осыған қарамастан, цифрландырудың арқасында бюджетке 700 миллиард теңгеден аса қосымша түсім түсті", - деді Жамаубаев.
Қаржы министрінің айтуынша, ЖІӨ нақты 2,6 пайызға төмендеген.
"Бұл негізінен елде карантиннің енгізілуіне байланысты көрсетілетін қызметтер өндірісінің 5,4 пайызға төмендеуі салдарынан. Сонымен қатар, экономиканың нақты секторы екі пайызға өскенін көрсетті. Құрылыс - 11,2 пайыз, ақпарат және байланыс - 8,7 пайыз, ауыл шаруашылығы - 5,6 пайыз, өңдеу өнеркәсібі - 3,9 пайыз", - деді министр.
Сондай-ақ, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,4 пайызға төмендеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также