Қазақстанда апта басында доллар қымбаттады

Фото:elements.envato.com

Қазақстанда апта басында доллар бағамы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE мәліметтеріне сілтеме жасап.

Қазақстанда апта басында доллар бағамы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE мәліметтеріне сілтеме жасап.

7 қыркүйектегі таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллар биржада 422,74 теңгеден сатылды. Ал 4 қыркүйек, жұмада доллар 420,76 теңгемен сауданы жапты. Осылайша, шетел валютасының бағамы 1,98 теңгеге өсті.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматының ақша айырбас орындарында доллар 423-425 теңгеден сатылып жатыр, 418-423,2 теңгеге сатып алынады.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 422,8-424 теңге аралығында, сату бағамы 418 теңгеден 422 теңгеге дейін.

Бұған дейін экономист Олжас Төлеов ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың улануы Қазақстан экономикасына әсер етуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама