Қазақстанда айлық жалақының орташа мөлшері аталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Қазақстанда айлық жалақының орташа мөлшері аталды Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әлем елдері арасында айлық жалақының орташа мөлшері бойынша рейтингіде Қазақстан 80-орынға ие болды. Қазақстандықтардың жалақы мөлшері - 414,29 доллар, - деп хабарлайды ranking.kz.

Әлем елдері арасында айлық жалақының орташа мөлшері бойынша рейтингіде Қазақстан 80-орынға ие болды. Қазақстандықтардың жалақы мөлшері - 414,29 доллар, - деп хабарлайды ranking.kz.

Ең жоғары жалақы Швейцарияда, Сингапурде және Аустралияда, ал ең төменгі жалақы Шри-Ланкада тіркелген.

ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда Ресейде (884,14 АҚШ доллары), Украинада (512,66 АҚШ доллары) және Арменияда (420,68 АҚШ доллары) жалақы мөлшері көп.

Жарнама
Жарнама

Молдовада (387,9 АҚШ доллары), Әзербайжанда (323,44 АҚШ доллары) және Өзбекстанда (277,73 АҚШ доллары) бұл көрсеткіштер төмен.

Қазақстанда биылғы бірінші тоқсандағы орташа айлық жалақы 285,4 мың теңгеге жеткен. Бұл былтырмен салыстырғанда 23,7 пайызға артық. 2021 жылы орташа айлық жалақы 230,8 мың теңге болған еді.

Өңірлер арасында ең жоғары жалақы мұнай-газ өндіретін аймақтарда тіркелген. Атырау облысында 477,9 мың теңге, бұл 1 жыл бұрынғыға қарағанда 17,8 пайызға артық. 

Екінші орында - Маңғыстау облысы. Онда - 416,2 мың теңге. Көшбасшы өңірлер үштігін елорда аяқтайды, онда - 366,5 мың теңге.

Ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген, онда - 203,4 мың теңге. Былтырмен салыстырғанда 22 пайызға артық. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама