ПОДЕЛИТЬСЯ
20 шілде 2020 | 09:58
Қазақстанда азық-түлік үшін төлем алатын 5 әлеуметтік топ анықталды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл шілдеде азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін қаражат төлеуді көздейтін бұйрықты әзірлеп, қабылдады. Қазақстандықтар биыл 20 шілдеден бастап айдың соңына дейін банк карталарына төлем ала бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл шілдеде азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін қаражат төлеуді көздейтін бұйрықты әзірлеп, қабылдады. Қазақстандықтар биыл 20 шілдеден бастап айдың соңына дейін банк карталарына төлем ала бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұйрық күшіне енген кезде 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар алушылар болады. Жергілікті атқарушы органдар қолда бар деректер негізінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алуға тиісті адамдардың тізімін жасайды. Содан кейін шілдеге, яғни, шектеу шараларының қолданылу кезеңінде алушыларға сомасы 2 айлық есептік көрсеткіш (5302 теңге) мөлшерінде төлем жіберіледі.
5 әлеуметтік топқа:
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
- мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар;
- жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар жатады.
Бұған дейін хабарланғандай, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайту мақсатында адамдардың тікелей байланысын болдырмау үшін азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар 2 АЕК-тен кем болмайтын мөлшерде алушылардың банк карталарына аударылған төлемге ауыстырылды.
Биыл наурыздан мамырға дейін бұл төлемдер жалпы сомасы 13,5 миллиард теңгеге 1 миллион адамға есептелген.
Еске салайық, 14 шілдеде ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қазақстандықтарға азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін ақшалай қаражат төлеуді бастауды тапсырған болатын.
Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын күшейтуді тапсырды. Табыссыз қалған қазақстандықтарды қолдау үшін жәрдемақылар, біржолғы төлемдер төленді, оның ішінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар берілді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также