ПОДЕЛИТЬСЯ
27 желтоқсан 2016 | 11:53
Қазақстанда ең жоғары жалақы төленетін мамандықтар аталды
Ғылыми қызметкерлер, құрастырушылар мен сарапшылардың орташа жалақысы 2015 жылмен салыстырғанда үш есеге көбейіп, 326,7 мың теңгеге жеткен, - деп хабарлайды energyprom.kz сарапшылары.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ғылыми қызметкерлер, құрастырушылар мен сарапшылардың орташа жалақысы 2015 жылмен салыстырғанда үш есеге көбейіп, 326,7 мың теңгеге жеткен, - деп хабарлайды energyprom.kz сарапшылары.
Мамандардың айтуынша, тау-кен өндірісінің жұмысшылары мен кен шығаратын орындарда жұмыс істейтіндердің орташа жалақысы 313,2 мың теңгеге жетіп, жоғары жалақы алатындардың рейтингінде екінші болып тұр. Сондай-ақ, бір жыл ішінде тау-кен өндірісіндегілердің жалақысы 16,2 пайызға өскен. Ал рейтингте үшінші болып қаржыгерлер тұр. Олардың орташа жалақысы - 254,9 мың теңге. Қаржыгерлер өткен жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға көп табыс тапқан.
Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, орташа жалақысы төмен мамандықтардың қатарында мұғалімдер бар, олардың орташа жалақысы - 87,5 мың теңге екен. Айта кетейік,бір жыл ішінде білім беру саласындағы қызметкерлердің саны 0,7 пайызға азайған.
Показать комментарии
Читайте также