13 желтоқсан 2019 | 12:37

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысатындардың саны 10 миллион адамға көбейді

© pexels.com

Қазақстанда соңғы үш жылда айналымдағы төлем карталарының саны орташа есеппен 26,8 пайызға көбейген, - деп хабарлайды Ranking.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда соңғы үш жылда айналымдағы төлем карталарының саны орташа есеппен 26,8 пайызға көбейген, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, бұл рекорд көрсеткіш.

Реклама
Реклама

"Бір жылда есеп айырысуда төлем картасын қолданатындардың саны 27,8 миллионға жетті. Қазақстанда орташа есеппен бір тұрғынға 1,7 карта тиесілі, ал бір жыл бұрын бір адамда бір ғана карта болатын. Сондай-ақ, былтыр төлем картасын қолданатындардың саны 18 миллион болған", - дейді сарапшылар.

Мамандардың айтуынша, 2019 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында төлем карталарынан түскен айналым 24,1 триллион теңге болды, ал транзакциялардың сомасы 1,2 миллиард теңгеге жеткен.

Осылайша, сарапшылардың зерттеуіне қарағанда, биыл төлем карталарынан түскен төлемдер мен аударымдар 10,6 триллион теңге болды. Бұл былтырғы көрсеткішпен (4,9 триллион теңге) тсалыстырғанда 2,2 есеге көп екен.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная