23 маусым 2020 | 09:48

Қазақстанда кредиттерді төлеу мерзімі тағы ұзартылды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық бизнесмендерге мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдетілген шарттары бойынша несиені кейінге қалдыру немесе қарызды қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық бизнесмендерге мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдетілген шарттары бойынша несиені кейінге қалдыру немесе қарызды қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Әбілқасымова 16 наурыздан 15 маусымға дейін жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері үшін несиелер бойынша төлемдердің мерзімі ұзартылғанын хабарлады. Осы кезеңде бұл мүмкіндікті 1,8 миллион адам немесе борышкерлердің 34 пайызы пайдаланған екен. Мерзімі ұзартылған төлемдердің сомасы - 268 миллиард теңге.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, оның айтуынша, несиені қайта құрылымдау үшін 12,4 мың ШОБ субъектілері жүгінді-бұл банктік несиелері бар ШОБ қарыз алушыларының 41,5 пайызы. Қайта құрылымдалған төлемдердің жалпы сомасы - 165 миллиард теңге.

"ТЖ режимінің аяқталуына қарамастан ШОБ кәсіпорындарының қызметі біркелкі емес және толық көлемде қалпына келген жоқ. Тауарлар мен қызметтерге сұраныс көлемінің қысқаруы байқалады, айналым мен ақшалай түсім төмендеді, демек алынған кредиттер бойынша міндеттемелерге қызмет көрсету мүмкіндігі төмендеді.

ШОБ субъектілерін қолдаудың қосымша шаралары іске асырылып жатыр. 2020 жылғы 16 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін ШОБ субъектісі банкке немесе микроқаржы ұйымына қосымша қолдау шараларын ұсыну туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Кредиттік ұйымдар әрбір кәсіпкер бойынша оның қаржылық жағдайын, ТЖ мен карантиннің қаржы-шаруашылық қызметіне әсерін және ШОБ субъектісінің қаржылық жай-күйін қалпына келтіру перспективаларын жеке бағалайды. Нашарлаған жағдайда қолдаудың екі бағыты ұсынылады", - деді Әбілқасымова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная