ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қараша 2018 | 10:39
Қазақстанда орташа жалақы 164 мың теңгеден асты
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстандағы орташа жалақы 164 552 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстандағы орташа жалақы 164 552 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, 2018 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздегі орташа жалақы 161 783 теңге болған еді. Салыстыратын болсақ, былтыр 2017 жылдың соңында қазақстандықтардың орташа жалақысы 163 725 теңге болған екен.
Комитеттегілердің мәліметінше, қазан айында елімізде жұмыс істейтін 8,7 миллон адам тіркелді. Олардың 6,6 миллионы - жалдамалы жұмысшылар. Ал жұмыссыздардың саны қазан айының қорытындысы бойынша 442 мың адамға жетіп, жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға жеткен.
Показать комментарии
Читайте также