ПОДЕЛИТЬСЯ
08 маусым 2017 | 12:16
Қазақстанда ірі компания қызметкерлерінің жалақысы тез өседі - зерттеу
2017 жылдың алғашқы үш айында ірі компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысы басқаларға қарағанда тез өскен, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2017 жылдың алғашқы үш айында ірі компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысы басқаларға қарағанда тез өскен, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.
Мамандардың айтуынша, осы уақыт аралығында қазақстандықтардың орташа жалақысы 140,3 мың теңге болған. Бұл былтырмен салыстырғанда 5,6 пайызға жоғары екен. Ірі және орта кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы 155,4 мың теңгеге жеткен. Ол өткен жылға қарағанда 6,6 есеге жоғары.
Зерттеуге сәйкес, ірі компаниялардағы қызметкерлердің жалақасы 2017 жылдың алғашқы үй айында еліміздегі орташа жалақы көрсеткішінен 10,8 пайызға жоғары болған.
Сарапшылардың мәліметінше, ең жоғары жалақылар Атырау облысында (256,2 мың теңге), Маңғыстау облысында (247,3 мың теңге) және Астанада ( 203,5 мың теңге) байқалады. Жылдық көрсеткіш бойынша алғашқы орындарда Астана қаласы, Ақмола және Ақмола облыстары тұр.
Показать комментарии
Читайте также