ПОДЕЛИТЬСЯ
02 сәуір 2018 | 11:10
Қазақстанда ыстық су айтарлықтай қымбаттады
Қазақстанда бір айда ыстық су орта есеппен 1,6 пайызға, ал бір жылда 9,3 пайызға қымбаттады. Ақпан айының қорытындысы бойынша ыстық судың текше метрі 240,9 теңгеге дейін қымбаттаған, - деп жазады Ranking.kz сарапшылары.

Сарапшылардың мәліметінше, ірі қалалардың ішінде Алматыда ыстық су бағасы айтарлықтай қымбаттаған - текше метрі - 515, 7 теңге.
Суық судың да қымбаттағаны айтылады. Суық су бір айда 1,3 пайызға дейін қымбаттаған. Мамандардың мәліметтеріне қарағанда, ақпанда суық судың текше метрі 72,3 теңге болды. Суық суға Атырау тұрғындары көбірек төлеген - 113,5 теңге.
Сондай-ақ, сарапшылардың мәліметінше, кәріз жүйесі қызметтерінің бағасы бір жылда 2,5 пайызға дейін қымбаттаған. 2018 жылдың ақпанындағы көрсеткішке қарағанда, кәріз жүйесі қызметтерінің бағасы Қарағандыда айтарлықтай қымбаттаған: бірден 96,4 теңгеге.
Показать комментарии
Читайте также