07 қаңтар 2018 | 11:28

Қазақстандағы жалақының ең төменгі мөлшері ЕАЭО бойынша Қырғызстаннан ғана жоғары

© vestifinance.ru

Қазақстандағы жалақының ең төменгі мөлшері (ЖТМ) - Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі ең төменгілердің бірі. Бұл жөнінде LS елдердің статистика комитеттері мен орталық банк мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы жалақының ең төменгі мөлшері (ЖТМ) - Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі ең төменгілердің бірі. Бұл жөнінде LS елдердің статистика комитеттері мен орталық банк мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметінше, ЖТМ 2018 жылы 14 пайызға көтеріліп - 24 459 теңге 28 284 теңгеге дейін өсті. Алайда бұл ЕАЭО бойынша соңғы көрсеткіштен бір ғана саты жоғары тұр. Ол әлі де 100 доллардан аз.

Реклама
Реклама

"Бұдан төмен тек Қырғызстанда, ол елде ЖТМ - 17 доллар. 2017 жылы қарашада көрші республиканың үкіметі ең төменгі жалақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен төрт-бес есеге төмен деп алаңдаушылық танытқан болатын", - делінген мақалада.

ЕАЭО бойынша айтарлық жоғары көрсеткіш Ресейде - 164,6 доллар. Беларусь елінде 10 долларға төмен. Армениядағы ЖТМ да 100 доллардан жоғары.

"Сонымен қатар, әр штатында өзіндік ЖТМ бар АҚШ-та әр адам аптасына бір қазақстандықтың бір айлық табысын таба алады", - деп жазды басылым.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная