11 наурыз 2022 17:18

Қазақстандық ақша айырбастау орындарында не болып жатыр?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінің көпшілігі доллар сатуды тоқтатты, мұндай жағдай еліміздің басқа қалаларында да байқалады. Қазақстанның ақша айырбастау пункттері қауымдастығының президенті Арчин Ғалымбаев бұл немен байланысты болуы мүмкін екенін және жағдай қашан өзгеретінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінің көпшілігі доллар сатуды тоқтатты, мұндай жағдай еліміздің басқа қалаларында да байқалады. Қазақстанның ақша айырбастау пункттері қауымдастығының президенті Арчин Ғалымбаев бұл немен байланысты болуы мүмкін екенін және жағдай қашан өзгеретінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалымбаев қазіргі уақытта Қазақстанның валюта нарығында күрделі жағдай қалыптасқанын растады.

"Менің ақпаратым бойынша, банктер ақша айырбастау пункттеріне долларды жеңілдетілген бағаммен де, бөлшек бағаммен де сатуды тоқтатты. Мысалы, 10 наурызда "Халық банкінде" сатып алу да, сату да жүргізілген жоқ - олар техникалық ақауларға сілтеме жасап отыр. Kaspi bank және қалған бес үздік банкте де осындай жағдай. Осы себепті Қазақстанның барлық дерлік қаласында ақша айырбастау пункттері кассаларын уақытында және қажетті көлемде толтыра алмайды", - деп бөлісті ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Маман бүгінде еліміздегі ақша айырбастау орындары тұрғындардан алған валютаны ғана сата алатынын атап өтті.

"Әрине, мұндай бағада және түсініксіз жағдайда азаматтар ақша айырбастау пункттеріне валюта сатпайды және сәйкесінше, бізде де сататын ештеңе жоқ", - деді Ғалымбаев.

Ал, сарапшы алдағы уақытта жағдай жақсаратынына сенім білдірді.

"Бәрі қалыпты жағдайға оралады деп үміттенемін. Өкінішке қарай, банктер неге шетел валютасын сатпайтынын білмеймін. Оларда клиенттер шетел валютасындағы депозиттерін жаппай алып жатыр, сондықтан банктерде тапшылық бар деп болжаймын. Яғни, бұл қалыпты жағдай және дүрбелең жасаудың қажеті жоқ", - деп қосты ол.

Арчын Ғалымбаев соңғы оқиғаларды Қазақстанның валюта нарығы үшін үлкен сілкініс деп айту қиын екенін айтты.

"Алдыңғы 30 жылдың тәжірибесі көрсеткендей, бұл жағдайдың бәрі уақытша. Тек сәл шыдамдылық таныту керек", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram