ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қаңтар 2020 | 17:55
Қазақстандық бизнесмендердің 6,5 миллиард теңге салығы кешірілген
Қазақстандық бизнесмендердің 6,5 миллиард теңге көлеміндегі борышы кешірілді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық бизнесмендердің 6,5 миллиард теңге көлеміндегі борышы кешірілді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, бұл - көбіне өсімпұлдар мен айыппұлдар. Жалпы елімізде 45 мыңға жуық салық төлеуші салық рақымшылығының игілігін көрген.
"Салық рақымшығы қолданылған салық төлеушілердің жалпы саны - 44 397. Төленген берешек 18,4 миллиард теңге. Ал есептен шығарылған айыппұлдар мен өсімпұл - 6,5 миллиард теңге", - деді Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов.
Салықтық рақымшылықты қолданған кәсіпкерлердің басым бөлігі Алматы қаласында. Бұл шағын және орта бизнестің 6 513 субъектісі. Одан кейінгі орында Түркістан, Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы тұр.
"Өсімақылар мен айыппұлдардың қомақты сомасы Алматы қаласының бизнесмендеріне кешірілген. 1 миллиард теңгеден асады. Ақтөбе облысында 1 миллиард теңге, Нұр-Сұлтан қаласында 750 миллион теңге, ал Қостанай облысында 413 миллион теңге кешірілген", - деді Берік Шолпанқұлов.
Показать комментарии
Читайте также