27 наурыз 2019 | 09:25

Қазақстандықтар жиі қолма-қол ақшасыз есеп айырысатын болған

© pexels.com

Елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысатын қазақстандықтардың саны өсіп келеді, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысатын қазақстандықтардың саны өсіп келеді, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. 

Мамандардың зерттеуіне қарағанда, 2019 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз есептескендердің саны 35,7 пайызға жеткен. Ал былтыр ол көрсеткіш 28,3 пайыз болған. Он жыл бұрын тіпті 11,1 пайыз болған екен.

Реклама
Реклама

"Салыстыратын болсақ, банктен шешілген қолма-қол ақша бір жылда тек 39,2 пайызға өссе, ақшасыз төлем екі есеге дейін өскен. Нәтижесінде карта айналымынан түскен қаражат бірден 55,3 пайызға артқан. Осы жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша, банк карталарынан айналымға түскен қаражат 23,66 миллионға жетті. Қолданылған 17,88 миллион картанының дебеттік карта екені анықталды", - дейді сарапшылар.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, бүгінде нарықта банк карталары зор сұранысқа ие болып жатыр. Осыған дейін Gold санатындағы карталар жоғары бағаланса, енді платин сегментіндегі карталар жоғары бағаланып жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная