ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қазан 2018 | 10:07
Қазақстандықтар жыл басынан бері төлем картасынан 8,6 триллион теңге шешіп алған
Қазақстандықтар жыл басынан бері төлем картасынан 8,6 триллион теңге шешіп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандықтар жыл басынан бері төлем картасынан 8,6 триллион теңге шешіп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.
Осылайша, мамандардың сөзіне қарағанда бір жылда төлем карталарынан шешілген қаражат 26,4 пайызға көбейген. Олардың 99,9 пайызы карталардың халықаралық жүйесі арқылы жүргізілген.
"Қаражаттың 95,3 пайызы Visa және MasterCard төлем карталарымен қолма-қол ақшаға айналдырылған. Соңғы екі жылда карта нарығында MasterCard көш бастап тұр. MasterCard арқылы шешілген қаражат бір жылда 70,7 пайызға өсіп, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 2,7 триллион теңгеге жеткен. Былтыр бұл көрсеткіш 66,5 пайыз болған еді", - дейді сарапшылар.
Осылайша, елімізде жыл басынан бері төлем картасынан 8,6 триллион теңге шешіп алынған.
Показать комментарии
Читайте также