01 желтоқсан 2018 | 17:08

Қазақстандықтар несиені не үшін алады? Ең басты себептер аталды

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтардың көбі несиені ұялы телефон мен түрлі гаджет үшін алады, - деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың көбі несиені ұялы телефон мен түрлі гаджет үшін алады, - деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, тұтынушылық кредитке өтініш берушілер саны әсіресе желтоқсан айында күрт көбейе түседі. Халық мереке алдында сыйлық үшін түрлі тұрмыстық техника мен телефондарды несиеге рәсімдейтін көрінеді. Демек, отандастарымыз несиенің 90 пайызын тұтынушылық қажеттіліктерге жұмсайды. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген сарапшылар айтып отыр.

Реклама
Реклама

Ал көктем, жаз кезінде жұрт еңбек демалысы мен үйлеріне жөндеу жасау үшін кредит алса, күзде балаларын сабаққа дайындауға және той жасау үшін де қарызға батады. Биылғы он айда екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 2,4 триллон теңгені құрайтын 6 миллионға жуық тұтынушылық несие рәсімдеген.  

"Соңғы 1,5 жылда елімізде несие алушылар саны көбейді. Өйткені, қазір банктер несиені өте көп беруде. Бөліп төлеу арқылы тұрмыстық техника алу сәнге айналды. Былтыр екінші деңгейлі банктер мен өзге де микро қаржы ұйымдарын қосқанда, қазақстандықтарға 5 триллион теңге көлемінде қарыз берілген еді. Ал биыл бұл сан 6 триллонға жетті. Осы сомманың 15 пайызы уақтылы төленбей, проблемалық кредитке айналып отыр", - деді Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева.

Биыл берілген несиенің 92 пайызы тұтынушылық қажеттіліктерге алынған. Жалпы, Қазақстан бойынша несие алудан Алматы мен Астана қаласының тұрғындары көш бастап тұр. Кейінгі орынға Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысының халқы жайғасқан. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная