ПОДЕЛИТЬСЯ
03 желтоқсан 2019 | 10:59
Қазақстандықтар шетелге биыл қанша ақша жіберген?
Қазақстандықтар 10 ай ішінде шет елдерге триллион теңгеден астам қаржы жіберген. Жіберілген қаражат көлемі бір жылда 8 пайызға өсіп, алынған сома 1 пайызға қысқарған. Бұл мәлімет Finprom сарапшыларының зерттеуінде айтылады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандықтар 10 ай ішінде шет елдерге триллион теңгеден астам қаржы жіберген. Жіберілген қаражат көлемі бір жылда 8 пайызға өсіп, алынған сома 1 пайызға қысқарған. Бұл мәлімет Finprom сарапшыларының зерттеуінде айтылады.
2019 жылдың қаңтар-қазан айларында халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы қазақстандықтар шетелге 540,4 миллиард теңге жіберіпті - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 8,2 пайызға артық. Шетелден алынған қаражат көлемі керісінше 1 пайызға қысқарып, 290,2 миллиард теңгеге жеткен. Осылайша, ҚДП арқылы шетелге жөнелтілген және шетелден алынған ақша аударымдары арасындағы айырмашылық бір жыл ішінде 21,5 пайызға - 205,9 миллиард теңгеден 250,1 миллиард теңгеге дейін өсті.
Шетелге жіберілген ақшаның жартысынан астамы Ресей мен Өзбекстанға тиесілі. Мәселен, Ресейге халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы 171,9 миллиард теңге жөнелтілген, бұл өткен жылға қарағанда 10,2 пайызға аз. Өзбекстанға 119,6 миллиард теңге аударылды, бір жыл ішінде өсім - 24 пайызға тең.
Қомақты ақша көлемі Түркияға (75,5 млрд теңге) және Қырғызстанға (70,5 миллиард теңге) аударылды.
Бұл - 4 ел шетелге жіберілген ақша аударымдарының барлық көлемінің 81 пайызы.
Қазақстандықтардың шетелден алған ақша көлемі бойынша Ресей көш бастап тұр: РФ-дан ҚР-ға СДП арқылы 112,5 миллиард теңге алынған - өткен жылға қарағанда 24,6 пайызға аз. Екінші орында Оңтүстік Корея: 54,5 миллиард теңге, жылдық өсім - 22,7 пайыз. Үшінші және төртінші орындарды Өзбекстан (25,4 миллиард теңге) және Қырғызстан (24 миллиард теңге) иеленді. Түркиядан тек 7,4 миллиард теңге келген.
Шетелге жөнелтілген және шет елден алынған ақша аударымдарының арасындағы ең үлкен айырмашылық Өзбекстан жағдайында байқалады, онда ол жақтан алынған ақшаға қарағанда 94,1 миллиард теңгеге артық жіберілген. Екінші орынды Түркия (68,1 миллиард теңге), үшінші орынды Ресей (59,4 миллиард теңге), төртінші орынды Қырғызстан (46,5 миллиард теңге) иеленді.
Показать комментарии
Читайте также