ПОДЕЛИТЬСЯ
16 маусым 2021 | 10:57
Қазақстанның қорында қанша алтын мен валюта бар?
Бір жыл ішінде Қазақстанның жалпы халықаралық қоры 12 пайызға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бір жыл ішінде Қазақстанның жалпы халықаралық қоры 12 пайызға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл сәуірдің соңындағы жағдай бойынша Қазақстанның жалпы халықаралық қоры былтырғымен салыстырғанда 11,9 пайызға артып, 34,2 миллиард доллар болған. Бір ай ішінде бұл сома екі пайызға артты. Былтырғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9,4 пайызға артып, ақшалай түрде 22,8 миллиард доллар болды.
2015 жылдан бері Ұлттық банк алтын сатып алуға бағыт жасады. Қазір елдің резервіндегі алтынның үлесі 66,5 пайызға жетті, ал бес жыл бұрын ол тек 32,3 пайыз болған.
Ұлттық банк тарапынан алтынға деген сұраныс бірегейлігіне байланысты екені көрсетілген. Жалпы алтын стратегиялық актив саналады. Өйткені ол инвестиция, резервтік актив және сәнді зат саналады. Сонымен қатар технологиялық секторда қолданылады. Ол өтімді, несиелік тәуекелге ұшырамайды, тапшы және құндылығын сақтайды.
Алтын-валюта резервіндегі (АВР) алтынның үлесі әлемнің дамыған елдері үшін кең таралған.
"Мысалы, биыл наурыздың соңындағы жағдай бойынша алтын қорының ең көп үлесі бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына 7 дамыған ел кірді. АВР-дағы алтынның үлесі Португалияда 77,8 пайыз, АҚШ-та - 77,6 пайыз, Германияда - 74,2 пайыз, Италияда - 69 пайыз, Кипрде - 66,8 пайыз, Нидерландыда-66,8 пайыз, Францияда - 64,3 пайыз болған. Қазақстан өз кезегінде үздік ондықта тоғызыншы орынға ие болды", - деп жазды басылым.
Ұлттық банк 2021 жылдың бірінші тоқсанында сегіз тонна алтын сатып алды. Былтыр сәуірдің басында Қазақстан қорында 395,8 тонна алтын болды. Бұл ретте соңғы он жылда Ұлттық банк 320,5 тонна таза алтын сатып алған.
Осылайша, уақтылы іс-қимыл жасау және алтын портфелінің арқасында Қазақстандағы АВР көлемі дағдарыс кезеңінде сақталып қана қоймай, айтарлықтай артқан.
Алтынның баспана активі ретіндегі дәстүрлі рөлі оның жоғары қауіпті кезеңдерде күшіне енетінін білдіреді. Алтын инвестиция және тұтыну өнімі ретінде екі есе пайда әкеледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также