ПОДЕЛИТЬСЯ
19 ақпан 2020 | 19:08
Қолтаңбасы жоқ ақша жалған ба? Ұлттық банк жауап берді
Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері мессенджерлерде "күмәнді" 2 мың теңгелік купюралар туралы хабарламалардың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері мессенджерлерде "күмәнді" 2 мың теңгелік купюралар туралы хабарламалардың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандықтар 2 мың теңге номиналындағы жалған ақша туралы хабарлама таратып жатыр. Көпшілігі бұл купюраларда Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы жоқ болса, оның жалған ақша екенін айтып жатыр.
Алайда, Ұлттық банк ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық банк төрағасының Қазақстан теңгесі банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталғанын еске салды.
"Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті", - деп хабарлады қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі.
Показать комментарии
Читайте также