ПОДЕЛИТЬСЯ
05 ақпан 2020 | 12:23
Коронавируспен күреске 3,5 миллиард теңге бөлінді - қаржы министрі
Қазақстанда коронавируспен күреске шамамен 3,5 миллиард теңге бөлінді. Мұндай мәліметтерді премьер-министрдің бірінші орынбасары-қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаражат Үкімет резервінен коронавирустың таралуына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дәрі-дәрмектер, сондай-ақ бетперделер, тепловизорлар мен басқа да жабдықтар сатып алуға бөлінген. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің желісі бойынша. 3,5 миллиард теңге бөлінді. Денсаулық сақтау министрлігі бақылайды (қаражаттың мақсатты бөлінуі - түсіндірме)", - деді Смайылов Мәжілісте журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде.
Осыған дейін коронавирусқа қарсы күреске 1,5 миллиард теңге бөлінгені хабарланғаны туралы сұраққа жауап беру кезінде, вице-премьер үкіметтің қазақстандықтарды Қытайдан шығаруға байланысты қосымша шығындарды жоспарлап отырғанын айтты.
30 қаңтарда Қазақстанда коронавирустан қорғануға 1,5 миллиард теңге бөлінгені айтылды.
Показать комментарии
Читайте также