10 наурыз 2020 | 10:11

Мамин валютаға қатысты операцияларды келісу арқылы жүзеге асыруды тапсырды

© primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында бірнеше тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында бірнеше тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Самұрық-Қазына" қорына, басқарушы холдингтерге,бұрын қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, өздерінің валюта нарығындағы іс-қимылын Ұлттық банкпен келісуді тапсырамын. Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері бақылауды және тиісінше үйлестіруді қамтамасыз етсін. Ағымдағы міндеттемелерге қатысы жоқ шетелдік валютаны сатып алу операцияларын жүргізуге шектеу салынсын", - деді премьер-министр. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Асқар Мамин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әлеуметтік жәрдемақыларды уақытында төлеп, жұмыспен қамтудың жаңа жол картасын әзірлеуге және  соның шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру жөніндегі жұмысты күшейтуге, сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз етуге тапсырма берді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная