03 ақпан 2021 | 15:40

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Шпекбаевтың сынына жауап берді

Фото:elements.envato.com

Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) төрағасы Марат Сұлтанғазиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаевтың сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) төрағасы Марат Сұлтанғазиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаевтың сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шынында да, МКК-ға қатысты жағымсыз статистика бар", - деп мойындады Сұлтанғазиев ОКҚ баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қазір бұл мәселені шешу үшін комитет бизнес-процестерді автоматтандырылған жүйеге көшіріп жатыр.

"Бүгінде 44 мемлекеттік қызметтің 37-сі автоматтандырылған. Әрине, бұл жерде цифрландыру мәселесі маңызды, яғни бүгінгі таңда декларациялардың 98,9 пайызы электрон түрде қабылданады. Импорттың 60 пайызға жуығы мемлекеттік кіріс органдарына келуді талап етпейтін жасыл дәліз арқылы өтеді. Бұл сыбайлас жемқорлықты айтарлықтай азайтады", - деп сендірді ол.

Күніне екі мың қоңырау қабылдайтын call-орталық пен әлеуметтік желілердегі парақшалардың көмегі зор. Операторлар салық төлеушілерге қашықтан қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, ол қызметкерлердің адал еңбекке деген ынтасын - сыйлықтар, ұзақ мерзімді демалыстар, іссапарлар мен оқу курстарын өткізу арқылы көтеруді атап өтті.

"Жалпы, бұл шаралар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге әсер етеді. 2018 жылы 50 жемқорлық жағдайы тіркелсе, 2019 жылы - 34, 2020 жылы - 25. Біздің комитете жалпы 11 700 адам, оның ішінде өткен жылы 25 адам ұсталған", - деп толықтырды МКК басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная