ПОДЕЛИТЬСЯ
19 ақпан 2021 | 12:48
Мобильді аударымдардан алынатын салық: вице-премьер Қаржы министрлігіне тапсырма берді
Елімізде қазақстандықтар кәсіпкерлерге мобильді қосымшалар арқылы жіберетін ақша аударымдарын (картадан картаға) салықтармен қамту жоспарланып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смаилов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сонымен қатар, кәсіпкерлерге банктік мобильді қосымшалар арқылы тұтынушылардан түсетін ақша аударымдарын фискализациялау мәселесін шешуге ерекше назар аудару қажет. Біз қолма-қол ақшасыз төлемдердің көбеюі жақсы қарқынмен жүріп жатқанын көріп отырмыз. Бірақ, сонымен қатар, тиіс салықтарды төлеуге міндетті кәсіпкерлердің қызметін салық салумен толық қамту міндеті тұр", - деді Әлихан Смаилов Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде.
Смаилов салық салу бүгінде кәсіпкерлерге берілген босатуларды ескере отырып жүргізілуі керек екенін атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также