Мобильді аударымдарды тексеру: қазақстандықтарға салық органдарынан хабарламалар қашан келе бастайды?

Мобильді аударымдарды тексеру: қазақстандықтарға салық органдарынан хабарламалар қашан келе бастайды? Сурет нейрожелінің көмегімен жасалған

Қазақстандықтарға мобильді аударымдарды тексеру қорытындысы бойынша салық органдарынан хабарламалар келе бастайды. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов нақты мерзімдерді атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтарға мобильді аударымдарды тексеру қорытындысы бойынша салық органдарынан хабарламалар келе бастайды. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов нақты мерзімдерді атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мобильді аударымдарды тексеру қашан аяқталады?

Екінші деңгейлі банктер қазақстандықтардың операциялары туралы деректерді Мемлекеттік кірістер органдарына бере бастады. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мәліметтерді беру 15 сәуірде аяқталады. Осыдан кейін салық мамандары мобильді аударымдарды тексеріп, олардың қайсы үш негізгі критерийге сай келетінін тексере бастайды:

Реклама
Реклама
  • 100 және одан да көп түрлі тұлғадан келген аударымдар;
  • қатарынан 3 ай бойы;
  • жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асатын болса.

Содан кейін салық органдары тізім жасап, салық төлеушілерге хабарлама жібереді.

"Кезең енді ғана аяқталды, екінші деңгейлі банктерден біздің мекенжайымызға деректер жолданып жатыр. Оларды 15 сәуірге дейін аламыз. Әрине, алғаннан кейін айдың соңына дейін камералдық бақылау рәсімі бойынша хабарламалар қалыптастырамыз. Келесі қадам - орындалу мерзімі 30 жұмыс күні болатын хабарламаларды жолдау. Қанша жеке тұлғаның іліккені, қаншауының заңсыз операциялар жүргізгені туралы қандай да бір алдын ала нәтижелерді айтуға әлі ерте, өйткені заңнамада белгіленген мерзімдер әлі өткен жоқ. Қазір 10 немесе 20 мың хабарлама қалыптастырамыз деп айтуға ерте", - деді Ержан Біржанов үкіметте өткен брифингте.

Осылайша, тізімдер сәуірдің аяғына дейін жасалады, ал қазақстандықтар хабарламаларды мамырда алады.

"15 сәуірге дейін деректерді аламыз. Мәліметтер әртүрлі банктерден келуі мүмкін, бізде аударымдармен тек бір банк қана айналыспайды. Деректерді беруге міндетті барлық банкпен салыстыру жүргізген соң жұмысты аяқтаймыз. Одан кейін камералдық бақылау рәсімін іске қосып, салық төлеушілерге хабарлама жолдаймыз, олар оны 30 жұмыс күні ішінде орындауға тиіс. Қазақстандықтар хабарламаларды мамырда алады", - деді Біржанов.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама