Moody’s Қазақстанның "Baa2" деңгейіндегі несие рейтингін растады

Moody’s Қазақстанның "Baa2" деңгейіндегі несие рейтингін растады © geo-politica.info

Халықаралық рейтинг агенттігі Moody’s Қазақстанның несие рейтингін "Baa2" деңгейі бойынша растады, болжам "позитивтіктен" "тұрақтыға" ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттіктің есебіне сілтеме жасап.

Болжамның өзгеруіне себепші болған ең негізгі факторлар - Қытай халық республикасы мен Ресейдегі экономикалық құлдырау, мұнай бағасының төмендеуіне байланысты елдегі жалпы ішкі өнімнің ұзақмерзімді өсімінің бәсеңдеуі. Сонымен қатар, Қазақстанның несие рейтингінің өзгеруіне банк секторындағы долларландырудың артуы мен шетелдік валютадағы ҚР активтері мен Ұлттық қордың активтеріне жасалған қысымның артуы ықпал етті. 

Агенттіктегілердің айтуынша, эмитент рейтингі мен Қазақстанның қамтамасыз етілмеген берешегі бойынша рейтингі елдің қаржы жүйесіндегі аса жоғары күшті, экономикалық жоғары тұрақтылықты және шетел валютасындағы активтердің айтарлықтай көлемін көрсетеді. 

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, бұған дейін Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның несие рейтингін шетелдік және ұлттық валюта бойынша "BBB+"-тан "BBB"-ға дейінгі міндеттері бойынша негативті болжамдармен төмен түсірген болатын. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама