27 ақпан 2017 | 17:43

Наурыздан бастап 2006 жылғы 1000 теңгелік банкнот айналымнан шығады

© ҰБ баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық банкі 2017 жылғы 1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың айналыста болуын аяқтайтынын және төлем құралы болуын тоқтататынын еске салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық банкі 2017 жылғы 1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың айналыста болуын аяқтайтынын және төлем құралы болуын тоқтататынын еске салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады.

Реклама
Реклама

"Одан кейін 12 ай ішінде - 2017 жылғы 1 наурыз - 2018 жылғы 28 ақпан аралығында қоса алғанда көрсетілген банкноттар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталады.ҚР Ұлттық банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2021 жылғы 28 ақпанға дейін қабылданады. Ұлттық Банк филиалдары бұл банкноттарды комиссия алмай айырбастайды. Бұл ретте Ұлттық Банк заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкноттардың айналыста екендігін хабарлайды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, банк өкілдері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын айтты. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная