Несиелік тұрғын үй құрылысына тартылған қаражатты игермеген облыстар аталды

© 7kun.kz

?Р ?лтты? экономика министрі ?уанды? Бишімбаев несиелік ??рылыс?а тартыл?ан ?аржыны игеру бойынша ж?мыс басталма?ан 8 облысты атады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? ресми сайтына сілтеме жасап. 
 
Министрді? айтуынша, биыл  несиелік  т?р?ын ?й ??рылысына  жергілікті ат?арушы органдар облигацияларды шы?ару есебінен 41,7 миллиард те?ге  ?арастырды, на?ты 38,2 миллиард те?геге облигациялар шы?арылды.

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев несиелік құрылысқа тартылған қаржыны игеру бойынша жұмыс басталмаған 8 облысты атады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап. 
 
Министрдің айтуынша, биыл  несиелік  тұрғын үй құрылысына  жергілікті атқарушы органдар облигацияларды шығару есебінен 41,7 миллиард теңге  қарастырды, нақты 38,2 миллиард теңгеге облигациялар шығарылды.

Облигация сомасының төмендеуінк Павлодар (1,6 миллиард теңге), Қостанай (1,2 миллиард теңге), Алматы (558 миллион теңге) және Атырау облыстарының  (69 миллион теңге) әкімдіктері жол берген.

"Бұдан өзге, бүгінде тартылған қаражатты игеру Алматыда 17 нысан бойынша, 11 нысан бойынша ОҚО-да,  алты нысаннан - Алматы мен Атырау облысында, төрт нысаннан - БҚО, Маңғыстау және Павлодар облыстарында, үш нысан бойынша - Қарағанды облысында және екі нысан бойынша ШҚО-да әлі басталмаған", - деп мәлімдеді Бишімбаев.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ҚР ҰЭМ басшысының баяндамасын сәйкес, ағымдағы жылы жергілікті тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымды (ИКИ)  жүргізу үшін  110,9 миллиард теңге бөлінді. ИКИ құрылысына бөлінген қаржыны игеру бойынша Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары жақсы көрсеткішті көрсетіп отыр.

Ал қаржыны игерудің төмен көрсеткіші Алматы, Жамбыл, Батыс және Оңтүстік Қазақстан және Астанада байқалып отыр. Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, әкімдіктер құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, жыл соңына дейін қаржыны толық игерулері керек. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама