ПОДЕЛИТЬСЯ
30 тамыз 2019 | 09:24
Нұр-Cұлтан әкімінің орынбасарлары қанша жалақы алады?
Елорда әкімдігінің өкілдері қала әкімі Алтай Көлгінов пен оның орынбасарларының қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елорда әкімдігінің өкілдері қала әкімі Алтай Көлгінов пен оның орынбасарларының қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімдіктегілердің мәліметінше, қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың жалақысының ең жоғары - 512 мың теңгеден асады.
Асқар Амрин мен Нұрлан Нұркенов 508 мың теңге жалақы алады.
Мәжілістің экс-депутаты Бахтияр Мәкеннің жалақысы - 485 мың теңге. Ол шілде айында әкім орынбасары қызметіне тағайындалып, көпбалалы аналармен кездескен болатын.
Алтынбек Қайсағалиев бұл қызметте 462 мың теңге жалақы алады екен. Қайсағалиев 13 шілдеде бұл қызметке Арман Тұрлыбектің орнына келген еді.
Бұл тізімнің соңында, әкімдіктегілердің мәліметінше, Ермек Қизатов тұр, оның жалақысы - 386 мың теңге. Ол "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясын басқарған еді.
Показать комментарии
Читайте также