25 ақпан 2021 | 17:30

"Отбасы банк" сайтында "ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару" функциясы пайда болды

Фото: Тұрар Қазанғапов

"Отбасы банк" сайтында "ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару" функциясы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Отбасы банк" сайтында "ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару" функциясы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында бүгіннен бастап "БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару" батырмасы іске қосылды.

Енді, өтінімді қате жіберген болсаңыз немесе ойыңыздан айныған болсаңыз, арнайы шотқа түскен қаражатты БЖЗҚ-ға қайтару үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ. Оны платформадағы жеке кабинетіңіх арқылы оңай жасай аласыз.

Реклама
Реклама

Қаражатты үш қадаммен қайтаруға болады.

1. enpf-otbasy.kz онлайн платформасына жеке ЭЦҚ арқылы кіріңіз;

2. Жойғыңыз келетін өтінімді ашыңыз;

3. БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару деп аталатын қызғылт сары батырманы басыңыз.

Үш жұмыс күні ішінде сіздің арнайы шотыңыздағы қаражат зейнетақы шотыңызға қайтарылады. Ақша түскеннен кейін, қажет болған жағдайда, сіз қайтадан біржолғы зейнетақы төлемін алуға өтінім жолдай аласыз.

Егер сіздің өтініміңіз мақұлданған болса және сіздің арнайы шотыңызда қалдық ақшаңыз қалса, онда қаражатты мерзімінен бұрын қайтаруға болмайды. Қалдық сома 45 күннен кейін зейнетақы шотыңызға автоматты түрде қайтарылатын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная