25 желтоқсан 2019 | 10:52

Проблемалық ипотекалық борышкерлердің қарызы азаяды

© newsmir.info

Проблемалық ипотекалық қарыз алушылардың негізгі қарызы азайтылып, қарызды жеңілдетілген кесте бойынша төлей алады. Осы мақсатта ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Проблемалық ипотекалық қарыз алушылардың негізгі қарызы азайтылып, қарызды жеңілдетілген кесте бойынша төлей алады. Осы мақсатта ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банктің мәліметінше, бұл шаралар бұрын қайтарымды негізде бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Реклама
Реклама

"Проблемалық ипотекалық қарыз алушылармен, оның ішінде ХӘОТ-қа жататын азаматтардың санаттарымен одан әрі жұмысты Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс топтары шеңберінде әкімдіктер жеке тәртіппен жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы билік органдарының жеке тұлғалардың кіріс деңгейін арттыру бойынша жұмысы бағдарламаға енгізілген өзгерістермен қатар, жиынтығында қарыз алушылардың ипотекалық қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді", - дейді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Ұлттық Банктің қарыз алушыларды қолдауға 130 миллиард теңге бөлгені айтылады.

"Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғанын атап өтеміз, қарыз алушылар валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 2020 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей кредиторбанкке өтініш беру қажет", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная