Қазақстанда қолма-қол ақшаға шектеу қою талқыланады

Дина Муратова Редактор
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда қолма-қол ақшаға шектеу қою талқыланады. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда қолма-қол ақшаға шектеу қою талқыланады. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көлеңкелі экономикамен күресу үшін біз қолма-қол ақшаны қысқартып, қолма-қол ақшасыз айналымға көшу туралы талқылауға дайынбыз", - деді Ақышев.

Оның айтуынша, Ұлттық банк қаржылық секторды жандандыру саясатын жалғастырады.

Реклама
Реклама

"Несиелеуді кеңейту мақсатындағы ең маңызды шара - ол кепілді несиелерге басымдық беру туралы заңға өзгеріс енгізу. Яғни қазіргі заңға өзгертулер енгізу керек",- деді Данияр Ақышев.

Еске салайық, қолма-қол ақшаға шектеу қою туралы 2015 жылы талқыланған еді. Сол кезде ұлттық экономика министрі болған Ерболат Досаев ақшаның 70 пайызы қолма-қол ақшадан тұруы дұрыс еместігін айтқан болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама