Қазақстандықтардың қай елдерге көп ақша аударатыны анықталды

© Tengrinews.kz

Қазақстандықтар Ресей мен Қытайға бір айда 20 миллиард теңге аударған. 2018 жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша, шетелге 36 миллиард теңге аударылған, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.

Қазақстандықтар Ресей мен Қытайға бір айда 20 миллиард теңге аударған. 2018 жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша, шетелге 36 миллиард теңге аударылған, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.

Мамандардың мәліметінше, 2018 жылдың қаңтарында Қазақстаннан шетелге 35,7 миллиард теңге аударылған. Бұл былтырғы қаңтар айындағы көрсеткіштен 1,5 есе артық екен. 

 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, жіберіліп жатқан қаражаттардың 40 пайызы (14,5 миллиард теңге) Ресей Федерациясына аударылғаны айтылады. 

"Жиі ақша аударылатын елдердің қатарында Ресейден кейін Қытай тұр. Қазақстандықтар биылғы көрсеткіш бойынша Қытайға 5,3 миллиард теңге жіберген. Бұл 2016 жылдың қаңтарындағы аударылған ақшадан 5,4 есеге көп", - дейді сарапшылар. 

Мұнымен қоса, қазақстандықтардың Қырғызстанға да көп ақша аударатыны айтылады. Сарапшылардың мәліметіне қарағанда, Қырғызстанға 3,9 миллиард теңге аударылған. 


© ranking.kz

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама