Қазақстандықтардың жалақысы ақырындап өсіп жатыр - зерттеу

?аза?станды?тарды? жала?ысы а?ырындап  ?сіп жатыр. М?ндай пікірді Antal Kazakhstan компаниясыны? мамандары айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтардың жалақысы ақырындап  өсіп жатыр. Мұндай пікірді Antal Kazakhstan компаниясының мамандары айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылардың айтуынша, сауалнамаға қатысқан 1035 адамның 48 пайызы жалақысының өскенін айтқан. Айта кетейік, сауалнамаға қарапайым мамандардан бастап топ-менеджерлерге дейін қатысқан. "Қазақстандықтардың жалақысы аздап өсіп жатыр. Компанияларда жұмыс істейтіндердің жалақысы орта есеппен 5-10 пайызға өскен", - дейді компаниясы басшысы Анна Ковинская. 

Сондай-ақ, сарапшы қазақстандықтардың одан да көп жалақысы алғысы келетіндерін айтады.

Реклама
Реклама

"Жұмыс ауыстырған кезде қазақстандықтар жалақысының көбейгенін қалайды: 20 пайыздан жоғары. Мұнымен қоса, сауалнамаға қатысқандардың 48 пайызы жаңа жұмыс іздегенде ең басты жалақының әрі қарай өсуі екенін айтады", - дейді сарапшы.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама