14 маусым 2021 12:33

Ресейдің доллардан бас тартуы Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Камила Долаева Журналист
© elements.envato.com

Экономист Жәнібек Айғазин Ресей Батыс санкциялары аясында доллардан бас тартса, Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты. Бұл туралы сюжет Atameken Business телеарнасында көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экономист Жәнібек Айғазин Ресей Батыс санкциялары аясында доллардан бас тартса, Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты. Бұл туралы сюжет Atameken Business телеарнасында көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеарна мәліметінше, барлық ресейлік банк SWIFT халықаралық төлем жүйесінен ажыратылған жағдайда, Қазақстан проблемаларға тап болуы мүмкін, дегенмен бұл сценарийдің орындалуы екіталай.

SWIFT-тен ажырау - рубльдің құлдырауына әкелуі мүмкін.

Реклама
Реклама

"Қазақстанда акционерлері ресейлік ұйымдар саналатын екі банк бар. Бұл Сбербанк және Альфа Банк. Экономист Жәнібек Айғазин санкциялар осы банктерге де әсер етуі мүмкін деп санайды, содан кейін Ресеймен келісімшарты бар клиенттер қиындыққа тап болуы мүмкін. Ал олардың саны аз болмауы керек, себебі Қазақстанның сыртқы тауар айналымының 20 пайызы дәл осы солтүстіктегі көршімен жүзеге асырылады", - делінген телеарна сюжетінде.

Бірақ экономист бұл мәселенің жағымды тұстары да бар екенін айтты.

"Қазақстандық басқа банктердің Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуының теріс ықпалына түсуі екіталай. Бұған мүмкіндіктер терезесі ретінде қарау керек. Ресей өзінің банкаралық операциялар жүйесін жасайды немесе оның қайта қосылуын күтеді. Осы кезеңде қазақстандық банктер ресейлік бизнес есебінен клиенттік базаны ұлғайта алады, бұл компаниялар тіпті өзінің елдік юрисдикциясын өзгертуі мүмкін", - деді экономист. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram