ПОДЕЛИТЬСЯ
25 тамыз 2020 | 10:36
Салық бойынша қарызы бар қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Мемлекеттік кірістер комитеті 250 миллион теңгеден асатын сомаға жер, көлік және мүлік салығы бойынша жинақталған қарызы бар 100 қазақстандықтың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекеттік кірістер комитеті 250 миллион теңгеден асатын сомаға жер, көлік және мүлік салығы бойынша жинақталған қарызы бар 100 қазақстандықтың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Комитет мәліметінше, олардың салық бойынша жалпы қарызы қазіргі уақытта 263 845 620 теңге. Бұл соманың ішіндегі негізгі қарыз үлесі – 166 150 674 теңге. 97 694 946 теңге – есептелген өсімпұлдар дейді ведомстводағылар.
Толық тізім комитеттің сайтында жарияланды.
⠀
"Антирейтинг тізімінің бірінші орнында Алматы қаласының тұрғыны. Оның төлеуі тиіс көлік салығының жалпы сомасы 11 миллион теңгеге (10 932 801 теңге) жуық. Бұл сома бойынша негізгі қарыз – 6 314 141 теңге. Ал жинақталған өсімпұл – 4 618 660 теңге.
⠀
Жер салығы бойынша ең көп борыш жинақтаған азамат - Ақтөбе қаласының тұрғыны. Ол жалпы сомасы 723 455 теңге қарызын өтеген жағдайда 73 719 теңге сомасындағы өсімпұлдан босатылуы мүмкін.
⠀
Сонымен бірге, қазақстандықтар мүлік салығы бойынша да қарыз жинап үлгерген. Салықтың бұл түрінде рейтингті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бастап отыр. Оның жалпы қарызы - 1 165 033 теңге. Ол негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда 422 287 теңге өсімпұлды есептен шығара алады", - делінген хабарламада.
⠀
Салықтық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сілтемесі арқылы немесе eSalyq mobile (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.
⠀
Мемлекеттік кірістер комитеті алдағы уақытта да жауапсыз салық төлеушілер тізімін жариялауды жалғастырады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также