08 қазан 2019 | 09:54

Салық рақымшылығы аясында қанша ақша өтелді?

Қазақстандықтар салықтық рақымшылық аясында сегіз миллиард теңге көлеміндегі негізгі салық борышын өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар салықтық рақымшылық аясында сегіз миллиард теңге көлеміндегі негізгі салық борышын өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Бүгінгі таңда республика көлемінде жалпы қарыз сомасы 8,1 миллиард теңгені болатын 43 020 салық төлеуші негізгі қарызын өтеп, олардың 2,4 миллиард теңге өсімпұлдан және 190 миллион теңге айыппұл сомалары шегеріледі. Шымкент қаласы бойынша ағымдағы жылдың 1-ші қазандағы жағдайда негігі 397 миллион теңге қарызын төлеген 2311 салық төлеушілердің  66 миллион теңге құрайтын өсімпұлмен  471 мың теңге айыппұлдарды есептен шығарылған. Бұл туралы ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің Берешектермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы Айнұр Садикбаева айтты. 

Реклама
Реклама

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен (ҚР ҚМ МКК) "Қазақстан Республикасындағы салықтық рақымшылық, сондай-ақ камералдық бақылаудың және ЕАЭО елдерінен заңсыз тауар кіргізудің бірқатар келелі сұрақтары" тақырыбында Комитеттің төраға орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың төрағалығымен Шымкент қаласының және Түркістан облысынын салық төлеушілеріне арналған семинар өткізілді.

Семинар жұмысына шағын және орта бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ облыстың ірі кәсіпорындарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты. 

Комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтуынша, бұл іс-шара салық төлеушілерге шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық туралы негізгі ережелерді, жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық, камералдық және экспорттық бақылау мәселелері туралы түсіндіру мақсатында өткізіліп жатқанын атап өтті. 

Сонымен бірге, семинарды жүргізу барысында Комитеттің лауазымды тұлғалары жауап берген бірқатар сұрақтар қойылды, экспорттық бақылау, камералдық бақылау, электрондық шот-фактураларды жүргізу және т.б. туралы заңнама нормалары түсіндірілді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная