01 шілде 2021 | 09:28

Сарапшы тез баю жолын түсіндірді

pexels.com

Сарапшы әркімге ыңғайлы болатын баю жолын айтты. "Универ Капитал" ИК капитал нарығы департаментінің атқарушы директоры Артем Тузовтың айтуынша, қор нарығы инвесторға да, алыпсатарға да ақша табудың жеткілікті нұсқаларын ұсынады, - деп хабарлайды "Прайм" агенттігі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сарапшы әркімге ыңғайлы болатын баю жолын айтты. "Универ Капитал" ИК капитал нарығы департаментінің атқарушы директоры Артем Тузовтың айтуынша, қор нарығы инвесторға да, алыпсатарға да ақша табудың жеткілікті нұсқаларын ұсынады, - деп хабарлайды "Прайм" агенттігі.

Инвестицияны сәтті жасау үшін белгілі бір қабілет керек. Біріншіден, ол қаржылық сауаттылық, яғни қайда инвестиция жасау-жасамауын дұрыс түсіну қажет. Екіншіден, қаржылық тәртіп керек. Ол қажетсіз несие алу мен "жалақыдан жалақыға дейін" өмір сүру тәртібін бұзу үшін қажет. 

"Табыстың 10-20 пайызын сақтай отырып біртіндеп капитал құрып, баюға болады", - дейді маман. 

Реклама
Реклама

Үшіншіден, үнемі білім алып, ізденіп жүру керек. Сарапшының ойынша, жай ғана идея ешқандай табыс алып келмейді, инвестицияның жаңа нұсқаларын ойластырған кезде ғана тезірек баюға болады. 

Төртінші қабілет - тәуекелді түсіну, яғни тәуекел, табыс және капиалды дамыту арасындағы тепе-теңдік. 

"Ал бесінші қабілет - басымдықтарды дұрыс белгілей білу. Денсаулыққа немесе отбасылық өмірге зиян келтіре отырып баю бақыт әкелмейді", - деп түсіндірді сарапшы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная