15 наурыз 2022 13:29

Шетел валютасын шекарадан шығаруға қатысты тыйым қалай реттеледі?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетел валютасын шекарадан шығаруға салынған тыйым қалай реттелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетел валютасын шекарадан шығаруға салынған тыйым қалай реттелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық валютаның айналысы, реттелуі және эмиссиясын енгізу мәселесі Ұлттық банк құзырында. 10 мың долларға дейін шектеу болады. Бізде ЕАЭО аясында кеден жоқ, сондықтан кеден органдары бұл жерге араласпайды.

Бірақ оны қадағалайтын шекара қызметі бар. Бұл жерде құзырлы органдар жұмыс істеуі керек екені анық және әрине Ұлттық банк араласуы керек", - деді Жамаубаев Үкімет отырысында.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" Жарлыққа қол қойған болатын. Оған сәйкес, шетел валютасы мен алтынды шекарадан шығаруға тыйым салынады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram