Соңғы бес жылда қазақстандықтардың шығынына қарағанда, табысы тез өсті - зерттеу

© Тұрар Қазанғапов

Соңғы бес жылда қазақстандықтардың тұтыну әлеуеті төмендеген, бұл кіріс пен шығыс өсімі арасындағы айырмашылықтан көрінеді, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Соңғы бес жылда қазақстандықтардың тұтыну әлеуеті төмендеген, бұл кіріс пен шығыс өсімі арасындағы айырмашылықтан көрінеді, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Халықтың кірісі ақшалай түрде 36 пайызға өскен, ал шығыны 30,5 пайызға артқан. Салдарынан адамдардың тұтыну бейімділігі 4 пайызға төмендеген, ал қаржыны сақтау бейімі керісінше, 4 пайызға артқан. 

Тұтынудың ең үлкен көрсеткіші төртінші тоқсанда байқалады, ал ең төменгісі - жазғы уақытта. Дегенмен биыл бірінші тоқсанда бұл бірізділік сақталмады, 2016 жылдың соңына қарай сатып алу көрсеткіші 1 пайызға артқан. 

Реклама
Реклама

Биылғы бірінші тоқсанда адам басына шаққанда орташа ақшалай табыс көрсеткіші 75,3 мың теңге болды, бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 7,5 пайызға артық. Бұл уақыттағы тұтыну тауары мен қызмет көрсету құны 7,8 пайызға өскендіктен, халықтың табысы 0,3 пайызға төмендеген. Доллармен алғанда халықтың номинал табысы бес жылда 40 пайызға дейін қысқарып кеткен. 

Тұрғындар шығынының 45 пайызы азық-түлікке жұмсалады. Статистикалық мәлімет бойынша, азық түлік бағасы былтырғы маусым айымен салыстырғанда 9,7 пайызға өскен. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама