ПОДЕЛИТЬСЯ
17 шілде 2017 | 11:30
Соңғы бес жылда қазақстандықтардың шығынына қарағанда, табысы тез өсті - зерттеу
Соңғы бес жылда қазақстандықтардың тұтыну әлеуеті төмендеген, бұл кіріс пен шығыс өсімі арасындағы айырмашылықтан көрінеді, - деп хабарлайды Ranking.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Соңғы бес жылда қазақстандықтардың тұтыну әлеуеті төмендеген, бұл кіріс пен шығыс өсімі арасындағы айырмашылықтан көрінеді, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Халықтың кірісі ақшалай түрде 36 пайызға өскен, ал шығыны 30,5 пайызға артқан. Салдарынан адамдардың тұтыну бейімділігі 4 пайызға төмендеген, ал қаржыны сақтау бейімі керісінше, 4 пайызға артқан.
Тұтынудың ең үлкен көрсеткіші төртінші тоқсанда байқалады, ал ең төменгісі - жазғы уақытта. Дегенмен биыл бірінші тоқсанда бұл бірізділік сақталмады, 2016 жылдың соңына қарай сатып алу көрсеткіші 1 пайызға артқан.
Биылғы бірінші тоқсанда адам басына шаққанда орташа ақшалай табыс көрсеткіші 75,3 мың теңге болды, бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 7,5 пайызға артық. Бұл уақыттағы тұтыну тауары мен қызмет көрсету құны 7,8 пайызға өскендіктен, халықтың табысы 0,3 пайызға төмендеген. Доллармен алғанда халықтың номинал табысы бес жылда 40 пайызға дейін қысқарып кеткен.
Тұрғындар шығынының 45 пайызы азық-түлікке жұмсалады. Статистикалық мәлімет бойынша, азық түлік бағасы былтырғы маусым айымен салыстырғанда 9,7 пайызға өскен.
Показать комментарии
Читайте также