Таңғы саудада теңге аздап әлсіреді

© Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 343,9-ға тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап. Айта кетейік, 1 сәуірдегі соңғы сессияда теңге бағамы 342,42-ге тең болған еді.

4 сәуірдегі таңғы сессияда алғашқы келісім 343,02 теңгемен жасалды. Ең төменгі бағадағы сауда да осы болды, ал жоғарысы 344,9 теңгеге жетті. Таңғы сауда көлемі 36,9 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, валюта айырбастау орындары долларды 341-344 теңге аралығында саудалап жатыр.

Айта кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 10.55-те Brent маркалы мұнайдың баррель құны 38,28 долларға тең.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама