Теңге 2017 жылдан бері жеті пайызға қымбаттады

© Tengrinews.kz

Те?ге 2017 жылдан бері жеті пайыз?а ?ымбаттады. "Альпари" компаниясыны? бас сарапшысы Анна Бодрованы? айтуынша, осы аптада ?лтты? валютаны? доллар?а ?атысты ба?амы 310-314,5 те?ге болады деп к?тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теңге 2017 жылдан бері жеті пайызға қымбаттады. "Альпари" компаниясының бас сарапшысы Анна Бодрованың айтуынша, осы аптада ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 310-314,5 теңге болады деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұнай бағасының тұрақты бағамы ұлттық валютаның бір қалыпта болуына әсер етеді. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 54-57 доллар болып қала бермек. Бұл көрсеткіш осымен бірнеше апта бойы тұр. Себебі қара алтынның бағасы тез өсіп, тез төмендей алмайды", - дейді маман.

Сондай-ақ, оның айтуынша, теңгенің нығаюы күнделікті өмірдегі қолданылатын тауар өнімдерінің бағасының төмендеуіне әсер етпейді. "Қысқасы енді өмір сүру бұрынғыдай тез қымбаттап кетпейді. Бірақ азық-түлік өнімдері мен жанармай бағасы төмендеуі мүмкін деп айту әлі ерте. Себебі нарықтық экономикада қазіргі уақытта ондай ресурс жоқ. Жалпы, теңгенің нығаюының жақсы жағы - бағалардың ауытқуы болмайды", - деді Анна Бодрова.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама