Теңге жыл басынан бері рекордтық көрсеткішке дейін нығайды

Теңге жыл басынан бері рекордтық көрсеткішке дейін нығайды © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында ұлттық валюта 5 теңгеге нығайып, 332,81 теңгені құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша, теңге жыл басынан бері рекордтық көрсеткішке дейін нығайып отыр.

Сессия кезінде ең жоғарғы баға 355 теңге болса, төменгісі 332 теңгеге дейін жетті. Сауда көлемі - 91,1 миллион доллар.

Айта кетейік, Brent маркалы мұнайдың баррель құны 45,66 долларға бағаланып отыр. Экономист Арман Байғановтың айтуынша, мұнай бағасының өсуіне АҚШ-та шикізат қорының азаюы себеп болған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 20 сәуірдегі таңғы сессияда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 337-ге тең болған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама