23 тамыз 2023 | 15:55

Тұңғыш Президент Кеңсесінің шығындары бюджет жобасынан алынды

Сурет:elbasylibrary.gov.kz

2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Тұңғыш Президент кеңсесін қаржыландыру туралы ақпарат жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Тұңғыш Президент кеңсесін қаржыландыру туралы ақпарат жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл сайын Елбасы кеңсесіне миллиардтаған теңге бөлінетін еді. Мысалы, 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасында кеңсені қаржыландыруға барлығы 5,6 миллиард теңге бағытталған: 2023 жылға - 1,6 миллиард теңге, 2024 жылға - 1,9 миллиард теңге және 2025 жылға - 2,1 миллиард теңге.

Нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланған үш жылдық бюджеттің жаңа жобасында бұл қаржыландыру туралы ақпарат жоқ.

Реклама
Реклама

Естеріңізге сала кетейік, биыл наурызда қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков бюджетті нақтылау шеңберінде кеңсеге жұмсалатын шығынның қысқаратыны туралы айтқан еді. Ал, маусымда министр Ерұлан Жамаубаев кеңсе жұмысын тоқтатады деп мәлімдеді.

"Қазір кеңсені қайта құрылымдау жүріп жатыр. Адамдардың бір бөлігі басқа ұйымдарға ауыстырылып, қалғаны жұмыстан босатылады. Кеңсе жұмысын тоқтатады. Ол қайта құрылымдалып жатыр. Бір жарым ай ішінде мәселе шешіледі деп ойлаймын", - деді Жамаубаев.

2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы 4 қыркүйекке дейін ашық талқылауда болады. Жобамен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная