11 тамыз 2020 | 10:22

Ұлттық банк басшысы теңгенің әлсіреу себебін айтты

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дамушы елдер валюталарының әлсіреуі аясында теңгенің айырбастау бағамы осы жылғы шілдеден бастап 10 тамыздағы жағдай бойынша бір АҚШ доллары үшін 404,07 теңгеден 418,31 теңгеге дейін 3,5 пайызға әлсіреді. Теңгенің әлсіреуі бір баррель үшін 40 АҚШ долларынан жоғары деңгейде тіркелген мұнай бағасын белгілеумен тежеледі. 7 тамызда мұнай бағасы мұнай қорының төмендеуі және ОПЕК+ мәмілесінің сақталуы аясында бір баррель үшін 44,4 доллар деңгейінде бекіді", - деді Досаев Үкімет отырысында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Досаве республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті бөлу мақсатында Ұлттық қор активтерін конвертациялау, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату жөніндегі ұзартылған шаралар ұлттық валютаға ішкі қолдау көрсетілгенін атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная