27 ақпан 2022 | 19:36

Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық Банк нақты уақыт режимінде елдер үкіметінің, Орталық банктері мен қаржы ұйымдарының ресми мәлімдемесін қадағалап отырады және Ресейге қарсы жаңа санкциялардың Қазақстанның қаржы жүйесіне ықпал ету дәрежесін бағалайды", - делінген хабарламада.

Алдағы күндері Ресей рублінің бағамы айтарлықтай құбылды және көп жағдайда нарық ықпалына және тәуекел-сентименттің өзгеруіне ұшырап, аз дәрежеде іргелі факторларды көрсетті, делінген ҰБ хабарламасында.

Реклама
Реклама

"Рубльдің шамадан тыс ауытқуының теңгеге негізсіз ықпал етуін төмендету үшін Ұлттық банк қажет болған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізетін болады. Мұндай интервенциялар көлемі мен жиілігі ішкі валюта нарығындағы жағдайға байланысты болады. Бұл ретте теңгенің икемді бағамы сыртқы сектор тарапынан тәуекелдерді іске асыру аясында маңыздылығы артқан алтын-валюта активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алтын-валюта активтерінің ағымдағы деңгейі импорттың 8,8 айын қантамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Транспаренттілік қағидаты аясында Ұлттық банк жүргізілген операциялар көлемін жариялайды. Сыртқы нарықтардағы ахуалдың дамуына қарай Ұлттық Банк ашық коммуникацияларды жүргізуді жалғастырады.

Ұлттық банк мәліметінше, 2022 жылғы 26 ақпанда Ақ үй Еуропалық комиссия, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, Канада және АҚШ көшбасшыларының Ресейге қатысты бұдан былайғы шектеулі экономикалық шаралар туралы бірлескен мәлімдемесін жариялады. Атап айтқанда, шаралар Ресейдің жекелеген банктерін SWIFT хабарларымен алмасу жүйесінен алып тастауды және басқа шектеу шараларын, оның ішінде Ресейдің Орталық банкіне қатысты шектеу шараларын енгізуді көздейді.

Сонымен қоса, S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі халықаралық санкциялар енгізілгеннен кейін Ресейдің ұзақ мерзімді рейтингін инвестициялық емес рейтинг деңгейіне (BB+) дейін төмендетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная