31 қазан 2019 | 16:11

Ұлттық төлем жүйелері арқылы минут сайын 5,4 миллиард теңгеден аса ақша өтеді

2019 жылғы 9 айда Қазақстан Ұлттық банкінің төлем жүйелері арқылы 597,2 триллион теңге сомаға 30,6 миллион транзакция жүргізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2019 жылғы 9 айда Қазақстан Ұлттық банкінің төлем жүйелері арқылы 597,2 триллион теңге сомаға 30,6 миллион транзакция жүргізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл ретте күн сайын ұлттық төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 3,3 триллион теңгеге 167,7 мың төлем жүргізіледі, яғни минут сайын операциялық күндері 5,4 миллиард теңгеден аса ақша өтеді.

Реклама
Реклама

"Тұтастай алғанда, 2019 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің (банкаралық ақша аудару жүйесі және банкаралық клиринг жүйесі) жұмыс істеу коэффициенті 99,99 пайызды құрады. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден асады және төлем жүйелері жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды", - деді Ұлттық банктің төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның төлем нарығында барлығы 17 төлем жүйесі жұмыс істейді, оның ішінде операторы Ұлттық Банк болып табылатын ұлттық төлем жүйелері және ақша аударымдары жүйелері және төлем карточкалары жүйелері жататын жеке төлем жүйелері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная