Ұлттық банк мамандары әлеуметтік желідегі латынша басылған теңгенің суретіне қатысты пікір айтты

© zello.aktobe

?Р ?лтты? банкі латын ?ліпбиімен купюра шы?ар?ан жо?. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне ?Р ?лтты? банкіні? ?аржы м?селелері бойынша Т?тынушылар ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі департаментті? директоры Александр Терентьев хабарлады.

ҚР Ұлттық банкі латын әліпбиімен купюра шығарған жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің қаржы мәселелері бойынша Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттің директоры Александр Терентьев хабарлады.

"Латын әліпбиімен басылған банкноттар шығарған жоқпыз. Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, латын әліпбиіне көшу 2025 жылы жүзеге асады. Ол уақытқа дейін тиісті шараларды жүргізуді жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Сонымен қатар, Ұлттық банктегілер купюраға қатысты барлық сұрақтармен ұйымның филиалдарына баруды өтінді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Instagram желісіндегі zello.aktobe парақшасында латын әліпбиінде басылған бес мыңдық купюраның суреті пайда болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама