Ұлттық валюта 336,69 теңгеге нығайды

© Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының таңғы сессиясында теңгенің долларға қатысты бағамы 336,69-ға тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 17 маусымдағы сессия 338,59 теңге көрсеткішімен аяқталған еді.

20 маусымдағы таңғы сессияның алғашқы саудасы 337 теңгемен басталды. Сессияда төменгі бағадағы келісім 336,5 теңгені құрады. Ал сауда көлемі 40,6 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 335-337 теңге аралығында саудалап жатыр.

Айта кетейік, Brent маркалы мұнайдың баррель құны 45,66 долларға бағаланып отыр. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама