Ұлттық валюта 4 теңгеге нығайды

Ұлттық валюта 4 теңгеге нығайды © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында теңгенің долларға қатысты бағамы 357,24 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл алдыңғы сессияға қарағанда 4 теңгеге жоғары.

Таңғы сессиядағы алғашқы келісім 363,73 теңгемен болды. Ең жоғары баға да осы. Ал төменгі келісім 357 теңгемен жасалды. Сессияда сауда көлемі 14,7 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары шетел валютасын 357-360 теңге аралығында сатып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама